Каспий теңізінде бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде бірнеше жер сілкінісі тіркелді
advantour.com

Каспий теңізінде бірнеше жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

12 сәуірде Каспий теңізі акваториясында бірден үш жер сілкінісі болды. Магнитудасы 3,2 және 4,6 аралығында, ошақтары 18-ден 74 шақырымға дейінгі тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі қалай сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар бұл өңірде 8 және 11 сәуір күндері де жер дүмпулерін тіркеген еді.