Freedom Inside '26

Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөз

Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сейсмологтар Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 3,5 болатын жаңа жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпуі 17 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:53-те болған. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан. Ал эпицентрі Ақтау қаласынан шамамен 577 шақырым қашықта анықталған.

Бұл - жыл басынан бері өңірде тіркелген 34-ші жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпу 10 маусымда байқалған.

Мамандардың айтуынша, Каспий теңізі - сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі.