"Жүргізуші куәлігін сатып алдым" деп мақтанған қызды ІІМ тексеріп жатыр

Dalanews 13 нау. 2017 06:19 1411

ҚР Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері алматылық қыздың мақтанып, "сатып алдым" деген жүргізуші куәлігіне қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, скриншот әлеуметтік желілерде пайда болған. 

"Маған жүргізуші куәлігін сатып әперді, рақмет, әкетайым", - деп жазған қыз жүргізуші куәлігінің суретін салып.


ҚР ІІМ ӘПК алдын ала мәліметі бойынша, 21 жастағы алматылық қыз куәлікті Алматы облысынан алған. "Осы дерек бойынша Алматы облысы ІІД тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта қыздың мектеп кезінде көлік жүргізуді үйренгенін анықтадық. 2013-2015 жылдары ол емтихан тапсыруға қажетті бағдарламаны меңгерді. Яғни автомектепте екі жыл оқыды. Оның емтиханды қалай тапсырғаны қазір тексеріліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөзkaz.tengrinews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар