Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәйіттің қалтасынан табылған құжаттар оның С. Шәкеев екенін растайтынын хабарлаған.
Қазір мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалған. Марқұмның қайтыс болу себептерін тергеу анықтайтын болады.
Бұған дейін 16 шілде күні композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы С. Шәкеевтің жоғалғаны туралы хабарланған болатын. оны іздеу жұмысына атты полиция мен тікұшақ, Ұлттық ұлан жауынгерлерін жұмылдыру туралы шешім қабылданған еді.