Табиғат аясындағы демалыс туралы айтқанда көпшілік әдемі көрініс, тыныш жер, өзен-көлдің жағасы туралы сөз етеді. Бірақ мұндай орындардың көзге көріне бермейтін тағы бір мәселесі бар — адамдардан кейін қалатын қоқыс.
Іле өзенінің жағалауы Алматы маңындағы ең танымал демалыс орындарының бірі саналады. Алайда соңғы жылдары бұл аумақ тұрмыстық қалдықтар көбейген жерге айналып барады.

Осыған байланысты Jetour EcoCrew экологиялық жобасының қатысушылары Іле жағасына барып, тазалық акциясын өткізді. Іс-шараны Jetour бренді мен Jetour T2 Club Almaty қауымдастығы ұйымдастырған.
Акцияға Jetour T2 көлігімен келген 90 адам қатысты. Олар өзен жағасын қоқыстан тазартумен айналысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция кезінде 500 мың шаршы метрден астам аумақ тазартылып, екі тоннадан аса қоқыс жиналған.

Қатысушылар мұндай бастамалардың табиғатты таза ұстауға ғана емес, адамдардың экологияға деген көзқарасын өзгертуге де әсер ететінін айтады. Себебі табиғатты жақсы көру — тек демалуға барумен емес, оны таза сақтай білумен өлшенеді.

Жоба ұйымдастырушыларының пікірінше, мұндай шаралар ортақ құндылықтары бар адамдарды біріктіреді. Бұл тек көлік немесе саяхат туралы емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениеті жайлы бастама.
Jetour EcoCrew командасы барша қазақстандықты табиғатта тазалық сақтауға және демалыс орындарын қоқысқа айналдырмауға шақырды.