Жетісуда өндіріс көлемі 700 млрд. теңгеден асты

Dalanews 01 қар. 2017 06:48 815

Алматы облысында өткен 9 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,3%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Өңірде 1800 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 20-сы Трансұлттық компаниялардың, әлемдік брендтерді жасаушылардың қатысуымен жұмыс жасайды. Барлық өнеркәсіп өнімдерінің үштен бірін осылар өндіріп отыр.

Олардың қатарында «Кока-Кола», «Данон», «РДжи Брэндс», «Филип Моррис», «Кнауф», «Тикурилла» сияқты танымал іргелі компаниялар бар.

Жалпы бүгінгі күні өңдеу секторының үлесі 85% жетіп, еліміз бойынша жоғары көрсеткішке ие болып отыр.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар