Жетісуда дәнді дақылдардың 70 пайыздан астамы жиналды

Dalanews 12 қыр. 2020 12:37 763

Алматы облысында 331,3 мың гектар немесе дәнді дақылдардың 70,5% жиналды. Бұл 625,5 мың тонна өнім. Әр гектардан орташа өнімділігі 18,9 центнерден өнім алынды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 11,0 мың гектар майлы дақылдардың 7,1% яғни, 10,5 мың тонна өнімі жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 9,6 центнерден айналды. Картоп, көкөніс және бақша дақылдары 51,3 мың гектар алқаптан 1 264,7 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Ол 66,6% пайызды көрсетеді. Өнімнің орташа өнімділігі гектарына 246,4 центнерді көрсетті.

Жиналған астықты қабылдау үшін сыйымдылығы 771 мың тоннаны құрайтын 265 астық қоймасы, оның ішінде 58,6 мың тонна сыйымдылығы бар 2 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны бар.

2021 жылы егін жинау үшін 99,1 мың тонна ауылшаруашылық тұқымы немесе қажеттіліктің 42,1% толтырылды. Оның ішінде астық – 63,4 мың тонна (80%), мал азықтық дақылдар – 0,4 мың тонна (42,6%), картоп – 35,3 мың тонна (25%).


Мал азықтық дақылдар үшін 2816,7 мың тонна пішен (100%) 443,8 мың тонна пішен (82,9%), 488,5 мың тонна сабан (72,8%), 349,1 мың тонна жемшөпке арналған дән және 93,6 мың тонна  (51,8%) сүрлем жиналды.

Облыста ауылшаруашылық жұмыстарына 15 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Бұл ретте, ҚР Энергетика министрлігі күзгі дала жұмыстарын арзан отынмен қамтамасыз ету үшін 19,2 мың тонна дизель отынын бөлді. Жанар-жағармай материалдарын жеткізу бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары нарықтан 5 мың тонна дизель отынын дербес сатып алды.

Күзгі дала жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Егінді сапалы жинау жұмысы тікелей облыс басшылығының бақылауында.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар