«Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Донсебаевқа қатысты үкім шығарды.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.