Жеңіл көлікке – 26 тонна артық жүк: салмақ бақылау жүйесінің айыппұлы

Асель Қайратқызы 23 қаз. 2025 10:41

Республикалық жүк көлігі жүргізушілері мен иелері қауымдастығы хабарлағандай, Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл автокөлікке 26 тонна артық жүк артқаны үшін айыппұл салынды деп мәлімдейді Dalanews.kz.

1,5 тонна салмақ тартатын, ең көбі 400 килограмм жүк көтере алатын көлікке «26 тонна артық жүкпен жүрген» деген айып тағылды.

Республикалық жүк көлігі жүргізушілері мен иелері қауымдастығы:

«Бұл жай ғана техникалық қате емес- елдегі салмақ және габариттік бақылау жүйесінің беделін түсіретін өрескел олқылық. Егер жеңіл автокөлік осындай қисынсыз айыпқа іліксе, күн сайын жолда жүрген мыңдаған жүк көліктеріне қатысты қандай әділдік күтуге болады?

Қазіргі таңда көптеген жүргізушілер калибровкадан өтпеген, тексерілмеген, бағдарламалық қатесі бар аркалар арқылы әділетсіз айыппұл алып отыр. Бұл жағдай азаматтардың мемлекеттік бақылау жүйесіне деген сенімін әлсіретеді»,- деп хабарлайды қауымдастық.

«Ел бойынша барлық салмақ өлшеу аркаларына толық аудит жүргізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеріп, жалған хаттамаларға жол берген кінәлілерді анықтау керек»,- делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар