Жемқор басшы пара алып жатқан сәтте ұсталды

Dalanews 29 шіл. 2016 07:05 1169

28 шілдеде Астана қаласы бойынша Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет департаменті кәсіпкерлерден жалпы сомасы 2,1 млн теңге пара алу (2 мәрте) кезінде елордалық әкімдіктің Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Е.Н. Сүлейменов қылмыс үстінде ұсталды.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші жағдайда жасанды жолдың кедір-бұдырын жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және кәсіпкердің жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізілмеуі үшін олар делдал арқылы 1,5 млн теңге алған.

Сол күні Сүлейменов аялдама павильондарын сырлау және жуу бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін пара түрінде тағы 600 мың теңге алған.

Әр жағдайда заңсыз сыйақы мөлшері бұрын ұтып алған мемлекеттік сатып алу конкурстарының сомасынан 10 пайыз болған.

«Ұсталған Сүлейменов Астана қаласы ІІД ҰУИ қамалды. Қазір сот алды тергеу жүргізілуде», делінген хабарламада.

 

Қазақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар