Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан авторлары қоғамының, ҚР Ұлттыққұндылықтар академиясының, «Qyr balasy» ҚҚ Басқарма мүшесі, белгілі жазушы-драматург,әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, аудармашы, алаштанушы, Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты, Алматы қаласы әкімінің стипендиаты, республикалық және халықаралық әдеби байқаулардың жүлдегері, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты ғылыми жобалардың орындаушысы Әлібек Байболдың 7 кітабы «KITAP баспасынан» жарық көрді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атап айтқанда, «Ясыны іздеу», «Оралу», «Құбыжық. Әлем драматургиясы ‒I», «Туған күн. Әлем драматургиясы ‒ II», «Сенім», «Әділ қазы», «Мұхамедсәлім Кәшімұлы шығармашылығы және XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық идея» (PhD доктор Гүлназ Бөкенмен бірге) секілді кітаптарда аударма, драматургия, эссе, әдеби сын, әдеби портреттер, әлем халықтарының аңыз-әңгімелері, алаштану, проза, көсемсөз бағыттары қамтылған.
Аталған баспа өнімдерін сатып аламын, рухани баимындеген кісілер мына нөмірге хабарласса болады: 8-700-066-50-09, Перизат ханым.