Шымкенттің “Ордабасы” футбол клубы жекеменшік басқаруға (ТОО “Integra Construction KZ”) берілді деген ақпарат тарағаннан кейін көп ұзамай мемлекеттік сатып алулар порталында футболға қатысты 1,8 млрд теңгенің лоты жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Protenge телеграм арнасының мәліметінше, батыс өңіріндегі жағдай өзгеше. Мәселен, “Ақтөбе” футбол клубы басқаруға берілмей, 364 млн теңгеге тікелей сатылған. Соның нәтижесінде футболға байланысты қосымша бюджет шығындары тіркелмеген.
Қазіргі уақытта Атырауда да футбол клубы 175,6 млн теңгеге саудаға қойылды. Егер мұнда да Ақтөбедегі тәжірибе қолданылса, бюджет қаражатын миллиардтаған теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туындауы мүмкін.
