Жазираның Жанболаты қалай жуасыды?

Dalanews 03 там. 2017 05:20 675

Алғаш келін болып түскенде, қайын жұртына үйренісе алмай, жылаған күндері туралы Жазира Байырбекова бұған дейін де бірнеше рет айтқан-ды. Тіпті, Жанболаттан таяқ жегенін, оны өзінің тілінен тапқанын да жасырмаған еді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есесіне қазір Жанболат Жазираны алақанында ұстайды. Бұл туралы Байырбекованың өзі айтып берді.

– Жаңадан үйленген жылдары күйеуім маған қаталдау болды. Әр сөзіме, әр ісіме мұқият болуымды қадағалады. 20 жыл өткен соң ғана еркелете бастады. Қазір мен ерке келіншекпін. Отбасыларыңыз туралы жазыңыздаршы. Әңгімелесейік! Білмегенімізді бір бірімізден үйренейік… Әр шаңыраққа бақыт тілейміз! – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Ал желідегілер мұндай жағдайдың көптеген отбасыларда болатынын айтып жатты.

Желідегі жұрт "Баланы жастан, әйелді бастан» дейді. Мүмкін басында осыны ұстанатын шығар. Басында менің де жолдасым қатал қарайтын еді. Қазір бір-бірімізді көзбен-ақ түсінеміз. Əрине, басында оңай болған жоқ. Аллаға шүкір, уақыт өте, жылдан жылға жақсымыз. Басында иә қатал болды, қызғаныш болды. Кейін уақыт өте келе бəрі орнына келеді екен. Əйел сол еркектің басында қатал кезіндегі саған тыйым салған жерлерін ұстауға əдет болып кетеді. Кейін мінезі өзгеріп жіби бастайды. Бірақ мен күйеуімнің қатал мінезінен ешқандай зиян шеккен жоқпын. Казіргі таңда Аллам бере салған 5 баламыз бар баққытымын. Еркелетіп жанынан артық жақсы көреді", – деп Жазирамен ой бөлісті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар