Кездесу барысында жұртшылыққа бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың белең алып тұрғаны, оның мемлекет біртұтастығына тигізетін кері әсері туралы әңгіме өрбіді.
Басқосуға жиналған мешіт қызметкерлері, мекеме өкілдері, жастар тарапынан тиісінше сауалдар қойылды.
Бүгінгі күні Жарма ауданындағы діни ахкал тұрақты. Ауданда 10 мешіт, 2 католик бағытындағы шіркеу жұмыс істейді.
Аудан әкімдігі діни бірлестіктермен бірге тұрақты түрде қоғамдағы ұлтаралық келісім, рухани бірлікті нығайту бағытында түрлі шаралар ұйымдастырып отырады.