Алматыда Алғыс айту күніне орай қарт адамдарды қолдауға бағытталған «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы басталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл іс-шара әлеуметтік ауызбіршілікті нығайтып, аға буынға қамқорлықтың маңыздылығын айқындайды.
Еріктілердің ардагерлер мен зейнеткерлерге көрсеткен көмегі:
- 102 жастағы ардагер, шекара әскерінде қызмет еткен Николай Таратуниннің үйін жинап, оның жеңіске қосқан үлесі мен бейбіт өмір үшін алғыс білдірді.
- 90 жастағы Тамара Уфимцеваның ауласын қар мен мұздан тазартты.
- Көру қабілетінен айырылған зейнеткер Виктор Саковичке жиһаз орнатып, жөндеу жұмыстарына көмектесті.
Еріктілер қарт адамдарға көңіл бөліп, қамқорлық көрсетті, ал ардагерлер мен зейнеткерлер оларға көмектескендері үшін алғыс айтты.
Акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтіп жатыр.