Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдады. Видеода 2 наурызда қаза болған Марқакөл ауданы Қалжыр ауылының тұрғыны Жарас Көшеровтің туыстары құзырлы органдардан көмек сұраған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Марқұмның туыстары қылмысты бұрын да осындай қылмыстық істер үшін сотталған Бауыржан Нұрмұханов жасаған деп есептейді. Олардың сөзінше, қандай да бір себептермен полиция тергеу әрекеттеріне асықпай отыр.
Марқұмның жақындары Бауыржан Нұрмұхановты ұстамай отырғанын әрі оны күдікті деп санамай отырғанын ашық айтты.
Туыстарының бір нұсқасы бойынша бұл Нұрмұхановтың жоғары лауазымды туыстарының болуына байланысты болып отыр. Олардың сөзінше, Нұрмұхановтың бір ағасы, яғни Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары, ал екінші ағасы Мұрат Нұрмұханов прокуратура органдарында еңбек етеді.
Сондықтан марқұмның отбасы бұл қаралы жағдайға қатысты тергеу күдіктінің таныс-тамыры мен туыстық байланыстарына қарамастан, әділ болуын сұрайды.