Ресейдің Пермь өлкесіндегі әуе апатынан бұрынғы депутат әрі "Таттранском" көлік компаниясының иесі Ильяс Гимадутдинов қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жеке меншік Robinson R44 тікұшағының апаты кезінде оның әріптесі Эльмир Коняков та көз жұмған.
Мәліметтерге сүйенсек, тікұшақ "Ашатли-парк" демалыс базасы маңында рұқсатсыз ұшқан.
Baza Telegram-арнасының мәліметінше, ұшу кезінде қозғалтқышқа мұз қатқан болуы мүмкін.
