Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында маневрлік жұмыс кезінде локомотивтердің соқтығысу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Dala news.
ҚТЖ мәліметінше, 2026 жылғы 5 наурызда «Жаңатас Су-Жылу» КМК кірме жолына мазут тиелген бес вагонды беру кезінде Жамбыл локомотив депосының маневрлік локомотив машинисі «КАП Логистик» ЖШС жеке кірме жолына тиесілі локомотивпен қатты сцепке жол берген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері зерттеліп жатыр. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген.
