Жаңа министр тағайындалды

Dalanews 09 ақп. 2018 16:16 790

Мемлекет басшысының бұйрығымен Мадина Әбілқасымова ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Ол осыған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ Мадина Әбілқасымова әр жылдары стратегиялық жоспарлау агенттігінің маманы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы, «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ Мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2006-2008 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, содан кейін Президент Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

2011 жылдың қыркүйегінен бастап 2013 жылдың ақпанына дейін ол Экономикалық даму және сауда вице-министрі болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін халық шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

Мәдина Ерасылқызы 1978 жылы 1 тамызда туған. 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы болып бастаған.

 

Дереккөзі: ult.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар