Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Сондықтан 2026 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына жалпы саны 130 адамды құрайтын Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сарапшы және ғылыми қауымдастық өкілдері кірді. Комиссия құрамында Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен өңірлері толықтай қамтылды.
Конституцияның жаңа жобасымен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.
