Жаңа жыл түні 50 мыңға жуық қазақстандық мерекені пойызда қарсы алды

Сағыныш Сардарова 01 қаң. 2026 13:00

Қазақстанда 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың адам Жаңа жылды пойызда қарсы алды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚТЖ мәліметінше, мереке түні теміржол қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеген. Жаңа жыл қарсаңында жүк және жолаушылар тасымалына қатысатын мыңдаған машинис кезекшілікке шыққан.

Сонымен қатар, теміржол вокзалдарында билет кассаларының бір бөлігі түнгі уақытта да қызмет көрсеткен.

Республика бойынша 81 пойыз жолға шығып, 1 600-ден аса жолсерік жолаушыларды алғашқылардың бірі болып Жаңа жылмен құттықтады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар