Жамбылда агрессивті жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер полиция қызметкерлерімен жауапкершілікке тартылды.
Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрегі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.
Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Нәтижесінде супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай,өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.