Жағаұстатар жайт: Семейде тәрбиеші баланы тұншықтырды деген күдікке ілінді

Сағыныш Сардарова 28 қар. 2025 11:06

Семейде "Айгөлек" бөбекжай-балабақшасында баланы тұншықтырып ұйықтатқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Жетінші арнаға" сілтеп.

Баланы жұлқылап, көрпемен бетін жауып жатқаны бейнебақылау камерасынан көрінеді. Мұнда "психикалық және сөйлеуі тежелген" диагнозы бар тәрбиеленушілер жүр.

"Ұйықтатамын" деген желеумен баланың өміріне қауіп төндірген 1987 жылғы тәрбиеші бұған дейін ресми түрде декреттік демалыста болған. Осы оқиғадан соң қайтадан декретке кеткен.

Ал жәбірленуші тарап баласының психологиялық жағдайы күрт нашарлағанын айтып, бұл тәрбиеші енді ешқашан балалармен жұмыс істемеуін талап етіп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар