Қазақстанның автокөлік нарығы 2026 жылды сенімді өсіммен бастады. АКАБ деректеріне сәйкес, JAC S3 Proкроссовері 2026 жылдың қаңтарында сатылым көлемі бойынша қытай автомобильдерінің ішінде бірінші орындыиеленіп, компакт-кроссовер сегментінде жоғары сұранысты растады. Ай ішінде 442 автокөлік сатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ай қорытындысы бойынша, Қазақстанда 10 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және Allur құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan бренді тұрақты оң динамика көрсетті. 2026 жылдың қаңтарында елде 683 JAC автомобилі сатылды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% жоғары. Осы нәтижелер JAC брендіне қытай автомобиль маркалары арасында сатылым көлемі бойынша үшінші орын алуға мүмкіндік берді.

Жалпы брендтер рейтингінде JAC алтыншы орыннанкөрінді, осылайша нарықтағы жетекші позицияларын сақтап қалды. Сатылымның өсуі қазақстандық тұтынушылардың брендке деген сенімін, жергілікті өндірістің артықшылықтарын және JAC модельдерінің елдің жол және климат жағдайларына бейімделгенін дәлелдейді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 10 330 JAC автомобилі сатылғанын, ал JAC S3 Pro моделі 5 310 бірлікпен елдің ең танымал он автомобилінің қатарына енгенін еске саламыз.
«Қаңтар айының нәтижелері JAC автомобильдеріне деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді. Біз S3 Pro моделіне сұраныстың сенімді өсімін байқап отырмыз және қазақстандық тұтынушылар үшін модельдік қатарды кеңейту мен сервистің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», — деп атап өтті JAC Motors Qazaqstan дистрибуция өкілі.

JAC бренді Қазақстан нарығындағы позициясын нығайтуды жалғастырып, локализацияға, технологияларға және кең аудиторияға қолжетімділікке басымдық береді.
JAC туралы
JAC Motors - 60 жылдық тарихы бар қытайлық автокөлік өндірушісі, жылына 1 млн-нан астам автомобиль шығаруға мүмкіндігі бар. Компания Қытай, Италия және Жапонияда зерттеу орталықтарын дамытып, өнімдерін 120 елге экспорттайды. Шығарылатын техника спектрі — жеңіл автомобильдерден бастап электробустарға дейін.

Қазақстанда JAC бренді 2015 жылдан бері Allurпортфелінде ұсынылған. Сол жылдан бастап жергілікті өндіріс және дистрибуция жолға қойылды. Allur зауыты — еліміздегі барлық типтегі көліктерді толық циклмен шығара алатын бірден-бір кәсіпорын.
