Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс жүрді

Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс жүрді
ІІМ

Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс жүрді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Руслан Назаров тағайындалды.

Бұған дейін полиция полковнигі Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Қызмет жылдары ішінде ол ішкі істер органдары жүйесінде түрлі басшылық лауазым атқарып, мол тәжірибе жинақтаған.

Департаменттің жеке құрамына жаңа басшыны ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов таныстырды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментін Абай Жүсіпов басқарған болатын. Ол министрдің бұйрығымен Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.