Ірі көлемдегі темекіні көкөніс деп шекарадан өткізбек болғандар әшкереленді

Сағыныш Сардарова 31 қаз. 2024 14:32 2577

Ірі көлемдегі темекі өнімдерін қырыққабатқа жасырып, шекарадан өткізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

28 қазанда "Жайсан" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын заңсыз әкету дерегін анықтады.

"71 мыңнан аса қорап темекі өнімдерін көкөніс салынған жәшіктердің астына жасырып, құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны шамамен 50 миллион теңге болады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Тәркіленген жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар