"Ғұмырлы бол, ботақаным": Света Айтбаева қызын туған күнімен құттықтады

"Ғұмырлы бол, ботақаным": Света Айтбаева қызын туған күнімен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесі қызына ұзақ ғұмыр тілеп, Ермахан екеуінің барлық арман-мақсаты орындалсын деген тілегін жеткізді.

"Жасың құтты болсын, ботақаным! Ғұмырлы бол! Ермахан екеуің барлық арман-мақсаттарыңа жетіңдер!" – деп жазды Света Айтбаева.

Желі қолданушылары да құттықтауға қосылып, жылы лебіздерін білдірді.