Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан күрестен U20 әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазыбек Қалмағамбетов чемпион атанды.

Қазақстандық балуан финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен белдесіп, қарсыласын 13:7 есебімен жеңді.

Осылайша, Қалмағамбетов Қазақстан құрамасына турнирдегі алғашқы алтын медальді әкелді.

Қазір ұлттық құраманың қоржынында бір медаль бар.