Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ол 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
2023 жылы 4 қаңтарда премьер-министрдің орынбасары - Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалған.