Астанада жұртты сан соқтырған адам ұсталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдікті жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге уәде берген. Ол 60-тан аса жәбірленушімен жалған келісім жасап, қылмысын азаматтық-құқықтық қатынас ретінде жасыруға әрекеттенген.
Астана прокуратурасы мәліметінше, келтірілген шығын 330 млн теңгеден асады.
"Күдікті ұсталды, оның әрекеті ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды. Оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір жәбірленушілер анықталып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.