Ержан Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Ерлан Тоқтағұлов. Фото: ҚР Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Ержан Тоқтағұлов 1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінде бастап, үш жыл бойы бас маман және сарапшы қызметтерін атқарды.

2018–2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2019 жылы «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ-да Сарапшылардың шығындарын өтеу орталығын басқарды.

2019–2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде БАҚ саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысы болды.

2020–2021 жылдары Қостанай облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасын басқарып, өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарды.

2021–2024 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы болды.

2024 жылғы наурыздан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаментінің директоры қызметін атқарды.