Ержан Сәденов ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Ол Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап қызмет етеді. 2023 жылы ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.