“Астана” арнасына берген сұхбатында Еркін жарты жылдан бері көзілдірік тағуға мәжбүр болып жүргенін айтты.
“Білмедім жас келгеннен бе екен, болмаса рөлде көп отырамыз, содан ба екен… Қалай болған күннің өзінде көзілдірік тағуға тура келді. Басында ұялып жүрдім, кейіннен үйренісе бастадым”, – деді Еркін.
Әнші қазіргі уақытта Шымкент қаласында тұрып жатқанын ашық айтты.
“Себепсіз болмайды ғой ештеңе. Қазір Шымкентте тұрып жатырмын. Төреғалидің концертіне сол жақтан келгенім рас”, – деді Еркін 31 арнаға берген сұхбатында.
Бұдан кейін ол жақын адамының аса ауыр дертке шалдықаннын айтып, артық сұрақ қоймауды өтінген.
Дереккөзі: stan.kz