Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың қаза болуына байланысты резонанс тудырған қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Прокуратура материалдардың ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа жолданғанын хабарлады. Күдікті қамауда отыр.
Істі Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот қарайды. Алдын ала сот тыңдауы 19 қаңтарға белгіленген. Еске салайық, Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні танысымен болған төбелес салдарынан қаза тапқан.
