Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан кетті

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан кетті
Алматы әкімдігі

Қазақстанның саяси-экономикалық кеңістігінде белгілі тұлға Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

KASE биржасында жарияланған мәліметке сүйенсек, бұл шешім 2026 жылғы 7 сәуірде қабылданған. Айта кетейік, ол бұл кеңеске биыл қаңтарда ғана қосылған еді.

Бұған дейін Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесі құрамынан да шығарылды.

Ал 25 наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылған еді. Бұл лауазымда ол шамамен жарты жыл ғана жұмыс істеді.