Freedom Inside '26

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі 26 маусымда өтеді

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі 26 маусымда өтеді
Әлеуметтік желі

Әскерде ауыр жарақат алып, кейін көз жұмған Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімінің өтетін уақыты мен орны белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Марқұмның жақындарының хабарлауынша, 25 маусым күні сағат 19:00-де Астанадағы Е. Серкебаев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан «Гаухартас» банкет залында қонақасы беріледі.

Ал жаназа намазы 26 маусым күні сағат 10:00-де Муса Жәлел көшесі, 93 мекенжайындағы Шейх Кунта Қажы мешітінде оқылады.

Сағат 11:00-де Дмитрий Карбышев көшесі, 50 мекенжайында орналасқан «Бастау» банкет залында марқұмды еске алуға арналған ас беріледі.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар әскери борышын өтеу кезінде ауыр бас-ми жарақатын алып, үш жылға жуық уақыт ауыр халде ем қабылдады. Оның қайтыс болғаны 24 маусымда белгілі болды.