Енді ресейліктер АҚШ визасына өтінішті Астанада тапсырады

Қаракөз Амантай 08 қыр. 2025 11:12

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей азаматтарының бейиммиграциялық (бейрезиденттік) визаларына өтініштерін қабылдау үшін ресми түрде Астананы таңдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекеттік департамент бейиммиграциялық визаға (NIV) өтініш берушілерге арналған нұсқаулықтарын жаңартты. Енді бейиммиграциялық виза алғысы келетіндер сұхбатқа өз елінде немесе тұрғылықты жерінде орналасқан АҚШ елшілігіне не консулдығына жазылуы тиіс. Ал АҚШ үкіметі бейиммиграциялық визаларды стандартты рәсімдеу жүргізбейтін елдердің азаматтары өтінішті тиісті елшіліктерге немесе консулдықтарға тапсыруы қажет (егер басқа елде тұрмаса). Бейиммиграциялық визаларға өтініш берудің тағайындалған орындарын төмендегі тізімнен көруге болады. Атап айтқанда: азаматтығы – Ресей; тағайындалған орындар – Астана, Варшава", – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.

Ресми мәліметке сәйкес, Ресей азаматтары үшін Астананы өтініш қабылдау орталығы ретінде белгілеу туралы шешім 6 қыркүйекте қабылданған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар