Енді Қазақстанда жұбайының келісімінсіз 3 миллион теңгеден асатын несие берілмеуі мүмкін

Көркем Алдабергенова 09 шіл. 2025 09:21

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке тұлғаға банк несиесін немесе микрокредитті беру кезінде жұбайының келісімін алу тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді 1000 АЕК-тен (3 932 000 теңге) асатын несие рәсімдеу үшін қарыз алушының жұбайы немесе жұбайының жазбаша келісімі талап етіледі.

Алайда егер екінші жұбай қоса қарыз алушы болса немесе несие банк/микрокаржы ұйымы ішінде қайта қаржыландырылса, келісім талап етілмейді.

Агенттік бұл шаралар қарыз алушылардың қаржылық жауапкершілігін арттырып, отбасылық мүлікті қорғауға және проблемалық берешек көлемін азайтуға бағытталғанын түсіндірді.

Құжат «Ашық НҚА» порталында 23 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар