Енді 5 млн теңгеден асатын операцияларды ҚМА тексереді

Көркем Алдабергенова 28 мам. 2025 12:02

Енді 5 млн теңгеден асатын цифрлық активтер бойынша операцияларды Қаржылық мониторинг агенттігі тексереді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжат аясында алғаш рет қаржылық мониторингке жататын сомасы 5 миллион теңгеге тең немесе одан асатын цифрлық активтермен жасалатын операциялар бойынша шек белгіленеді.

Бұл ретте мәдени құндылықтарды қолма-қол нысанда сатып алу (сату) бойынша операциялар бойынша қаржылық мониторингтің шекті мөлшері 45 миллион теңгеден 1 миллион теңгеге дейін төмендетілді.

Сарапшылар атап өткендей, кейбір заттардың құны төмен, бірақ мәдени немесе тарихи құндылығы жоғары болуы мүмкін.

Бұл реттеу мұндай заттарды елден экспорттау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар