Ең арзан сорпа Парламент асханасында

Dalanews 11 қар. 2016 15:24 950

Желі қолданушысы Қазақстан парламенті асханасына тиесілі болуы мүмкін чекті жария етті. Ондағы адам сенгісіз төмен бағалар көптеген қазақстандықтарды есеңгіреткен. Фотоны Facebook желісінде Nik Cool есімімен тіркелген қолданушы жария етті деп хабарлайды nur.kz сайты.

dalanews-ashanaЧектегі мәліметке сәйкес, халық қалаулылары 171 теңгеге сорпа ішіп, 120 теңгеге салат алады екен. Ал кофенің құны 40 теңге болса, нан небары 14 теңге тұрады.

Жалпы алғанда түскі ас 345 теңгеге түскен. Мұндай адам сенгісіз төмен бағалар жұрт назарына бірден ілікті.

"Ал мектепте сорпа 300 теңге, шай болса, 100 теңге", - деп жарыса пікір қалдырды желі қолданушылары.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар