Жамбыл облысындағы тұрғындарды көп жылдан бері әбігерге салған 56 шақырымдық маңызды автожолдың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Шу мен Қайнар елді мекендерін байланыстыратын, екі аудан мен 10 ауыл арқылы өтетін жолдың бүгінде шамамен жартысы аяқталған.
Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер мекеме құрылысты 2027 жылы толық аяқтауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде пайдалануға берілген учаскелер жүргізушілердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік беруде. Бұрын бұл бағытты еңсеруге шамамен 1,5 сағат қажет болса, жаңартылған жол толық іске қосылғаннан кейін сапар уақыты бір сағатқа дейін қысқармақ.