Елордада халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау күшейді

Dalanews 12 сәу. 2023 05:10 871

Астанада халықтың осал топтары үшін дәрі-дәрмек құнын төмендету үшін әлеуметтік көмектің көлемі біршама ұлғайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

VIII сайланған Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында «Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы No 221/25-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі мен «Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау» ісі қаралды.

Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларға әлеуметтік көмекті ұлғайту мақсатында дәрі-дәрмек құнын өтеуді қарастыруда.

Мәслихат депутаттары алдында сөз сөйлеген Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб бұл бағытта қла тұрғындарынан көптеген өтініштер түскенін атап өтті.

2023 жылы бюджеттік қаражатқа қосымша қажеттілік 18 млн теңгені құраған.

Халық қалаулылары зейнеткерлерге тіс протездеуге бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Бүгінде ол 90 мың теңгені құрайды.


Илья Скуб бұл сома зейнеткерлерді сапалы тіс протездеу қызметімен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін айта келе, бұл мәселені 2024 жылға арналған қалалық бюджет аясында қарастыруды ұсынды.

Мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов биыл зейнеткерлердің тіс протезіне бөлінген бюджет қаражаты елорданың барлық төрт ауданына бөлінгенін айтты. Бұрын барлық қаражатты қаланың екі нүктесінде ғана қызмет көрсететін бір компания алып келген еді. Енді зейнеткерлер өз аймақтарында тіс дәрігеріне қарала алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар