Елордада қар тазалау ісі қарқынды жүруде

Dalanews 23 қаң. 2020 12:15 205

Елордада бүгін қар тазалауға 1 127 техника мен 1 700 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 23 қаңтарға қараған түні елордадан қала сыртына 2 290 рейс жасалып, 27 485 текше метр қар шығарылған, деп хабарлайды Dalanews.kz қала әкімдігінің ресми сайты сілтеме жасап.

Өткен түні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 053 техника бірлігі мен 211 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын.

Ал бүгін қар тазалауға 1 127 техника беріліп, 1 700 жол жұмысшысы шықты. Жалпы осы уақытқа дейін шығарылған қар көлемі 2 191 788 текше метрді (182 649 рейс) құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар