Бұл деректі көшедегі газ құбырларына тексеру жүргізген газ мамандары анықтады.
Ұрлаудан бөлек, газды тұрмыста пайдалану талаптарын сақтамаудың мұндай әрекеті ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Біріншіден, бекітілген талаптарды өрескел бұзып, сақтық шараларын сақтамай, құбырға рұқсатсыз қосылу салдарынан газ ауаға тарап, бір жерге шоғырланып, шегіне жеткенде кейде жарылысқа себеп болып жатады. Болуы мүмкін қайғылы жағдайды айтпағанда, жарылыс салдарынан тұрғындар қыруар материалдық шығын шегеді.
Заңға сәйкес, газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу қылмыс болып саналады. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, тексеру бастады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері тұтынушыларға газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға техникалық шарттар беру бойынша жұмыс жүргізуде.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55 89 60, вн.14 00