Елімізде Экономикалық тергеу қызметіне халықтың жартысынан азы ғана сенім білдіреді

Қаракөз Амантай 24 қаң. 2025 17:15 1735

Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлім еткендей, елімізде Экономикалық тергеу қызметіне халықтың небәрі 48,3%-ы сенім білдіреді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстанның Экономикалық тергеу қызметіне (қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелері) сенім білдіретіндер саны – 48,3%", – делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенім деңгейі – 52,2%.

Сот жүйесіне сенетіндер – 62%, полицияға – 64,3%, прокуратураға – 66,1%, ал өрт сөндіру қызметіне сенім артып отырғандар – 80,4%.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар