Эльдар Толғанбаев Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Эльдар Толғанбаев Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды
gov.kz

Эльдар Толғанбаев Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Толғанбаев Эльдар Сейдахметұлы Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Толғанбаев 2024 жылғы ақпаннан бері Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Бұған дейін, 2023 жылғы қыркүйектен бастап Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Ал 2023 жылғы маусымға дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.