Бүгін Текелі қаласындағы №1035 сайлау учаскесінде 18 жасар Даданбекова Арайлым Серікқызы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Арайлым Текелі қаласында туып өскен, қазіргі таңда Алматы қаласы, Тұран университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алуда.
«Бүгін мен үшін маңызды әрі қуанышты күн. Алғаш рет Мәжіліс және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарын кезекті сайлауына қатысып, өз дауысымды бердім. Бұл менің азаматтық борышым деп санаймын. Ел болашағы-жастардың қолында. Барша Текелілік жастарды сайлауға белсене қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын» деп өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.
Текелі қаласы әкімінің баспасөз хатшысы,
Ұлжан БОТБАЕВА