Экстремизммен күрес күшейеді

Dalanews 04 там. 2017 04:30 722

Ағымдағы жылдың 28 шілдесі күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Дін және діни экстремизм» тақырыбында жиын ұйымдастырды.

Іс-шарағаТүркістан қалалық қажылар қауымдастығының төрағасы Әбдірахман Әбдімәлік қажы, қалалық Ахмет Ясауи мешітінің наиб-имамы Киізбаев Ерлан, қала қонақтары және музей қызметкерлері қатысты.

Іс-шара мақсаты – қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, болдырмау, алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қаупін, келтірер залалын ашып түсіндіру.

Келген дін өкілдері жиын барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Имам ағаларымыз ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, сөз соңында діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында аудан аумағындағы мүдделі мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Соныменқатаржиынаясындакөпшілікқауымға «Дінжәнедіниэкстремизм» тақырыбындакітапкөрмесіұйымдастырылды.

Кездесу соңында, келген қонақтарға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспа өнімдері сыйға берілді.

Д.ҚОЖАМҰРАТОВ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар