Экс-министр Ерлан Нысанбаев қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Экс-министр Ерлан Нысанбаев қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды
Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұрынғы министр Ерлан Нысанбаев премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарған болатын. Жуырда бұл қызметке Әлібек Қуантыров тағайындалды. 

Айта кетейік, Ерлан Нысанбаев 2023 жылғы 5 қыркүйектен 2026 жылғы 28 тамызға дейін экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.