Екпе алмаған балалар сабаққа жіберілмейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде қызылшаға шалдығу деректері көбейіп жатқанын хабарлады.
Ведомство дерегінше, тіркелген науқастардың 77,6 пайызы - екпе алмаған балалар.
2026 жылдың басынан бері қызылшаның 3343 жағдайы анықталған. Олардың 84,2 пайызы, яғни 2816-сы, 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.
